Созақ: «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысымен бекітілген әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде, 2023 жылдың 29 қыркүйек күні Созақ ауданы әкімі аппаратында «Ашық есік күні» акциясы ұйымдастырылды.
Ашық есік күннің негізгі мақсаты-халықтың көкейтесті мәселелерін зерттеп, оларға заңды түрде түсініктеме беру.
Аталған іс-шараға аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелері бойынша сауалдары мен өтініш-тілектерін жеткізді.
Соның ішінде, жұмыс сұраушыларға бүгінгі таңда Созақ аудандық Мансап орталығы филиалы арқылы немесе электронды еңбек биржасы арқылы бос жұмыс орындары ұсынылатындығы және өзге де мәселелер бойынша тиісті кеңестер берілді.