Синоптиктер аптаның соңына дейін ауа райы қандай болатынын айтты

23-25 қазан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жылы әрі құрғақ ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі “Қазгидрометке” сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, бұл күндері ел аумағындағы атмосфералық процестерге антициклон сілемі әсер етеді. Жауын-шашын болмайды. Тек батыс және солтүстік-батыс өңірлерде циклон ықпалынан өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.
Алдағы күндері еліміздің көптеген өңірінде ауа райы ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта батыс, солтүстік және шығыс облыстарда тұман түсуі ықтимал. Ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі күтілмейді, – деді синоптиктер.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын хабарлады.