Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

«Дағдарыс болмайды»: Үкімет экономиканы қорғаудың жаңа тетіктерін атады

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілісте өткен брифингте елде дағдарыс бола ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жоқ, қазақстандықтарға ешқандай дағдарысқа дайындалудың қажеті жоқ. Өйткені біз қазір ішкі де, сыртқы да экономикалық соққыларға қарсы тұра алатын берік қаржылық қорған қалыптастырып жатырмыз. Сол себепті келесі жылы Ұлттық қордан нысаналы трансферт бөлмеу туралы шешім қабылдадық, – деді ол.

Министрдің айтуынша, Ұлттық қор – елдің басты қаржылық қалқаны.

Ұлттық қор – кез келген экономикалық күйзелістен қорғайтын сенімді тірегіміз. Қазір біз оның жинақтау және тұрақтандыру функциясын күшейтуге басымдық беріп отырмыз, — деп түйіндеді Серік Жұманғарин.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент: тұрғындардың мәселесі жан-жақты қарастырылды

admin

Ағымдағы жылы есірткі тасымалдағаны үшін кәмелетке толмаған 30 жасөспірім ұсталды.

admin

Шымкентте жылына 72 млн дана жұмыртқа шығаратын кәсіпорын ашылды

admin