Шымкентте «ҚХА-ның жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен, мәслихатпен байланысын нығайту» тақырыбында жиын өтті
2024 жылғы 29 тамыз күні Шымкент қаласы әкімі аппаратында «Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен, мәслихатпен байланысын нығайту» тақырыбында жиын өтті.
ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин бастаған жұмысшы топ жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдырымен, мәслихат депутаттарымен кездесті.
Кездесуде ҚХА-ның мемлекеттік органдармен, мәслихаттармен өзара іс-қимылын күшейту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету, қоғамдағы сенім мәдениетін нығайту, қоғамның әлеуметтік кеселдеріне қарсы тұру мәселелері қаралды.
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбектің төрағалығымен өтетін жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды сапалы іске асыру мәселелері бойынша ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин сөз сөйледі.
Іс-шара барысында ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан мемлекет үшін еліміздегі бейбітшілік пен келісім әрқашанда басты басымдықта болып қала беретінін, бұл ел дамуының және азаматтардың қауіпсіздігінің басты факторы екенін атап өтті. Сонымен қатар, этносына қарамастан азаматтардың құқықтық теңдігі – елдегі этносаралық тұрақтылықтың негізі, Қазақстан халқының бірлігін нығайту және қоғамда азаматтық бірегейлікті дамыту, ұлтаралық шиеленіс пен қақтығыстың алдын-алу жайына назар салды.
Сонымен қатар, қоғамдық келісімді нығайту жолындағы бірлескен тиімді шаралар мен құқықтық мәселелер туралы қалалық мәслихат депутаты Мұратәлі Оразалыұлы Қалмұратов, Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Арман Арун-Рашидұлы Бейсенбаев, Шымкент қаласы прокуратурасынан Нариман Саидиғаниұлы Базарбаевтар сөз сөйледі.
Этносаралық қатынастарды нығайту мәселелері талқыланған жиында қоғамды ұлтараздық тудыру үшін от жағып, айдап салатындарға қатысты құқықтық тұрғыда қатаң шара қолдану бағытында ұсыныстар айтылды.