Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкент: жұқпалы аурулар дендеп тұр

Жаз маусымы басталғалы қаламызда жұқпалы аурулар дендеп тұр. Әсіресе жасөспірімдер арасында жедел ішек инфекциясын жұқтырушылар көбейген. Мамандардың айтуынша суға шомылудан соң минингит белгісімен шағымданатыну фактілері жиілеген. Аптап ыстықта көптеген азаматтар қала сыртында демалуды әдетке айналдырған. Оның үстіне қазір шомылу маусымы қызып тұр. Осы шақта кене шағып алу, минингит жұқтыру сынды аурулар да өршіп барады.

Сондай-ақ, қазір балалар арасында жедел ішек инфекциясымен шағымданушылар көбейген. Оған  үйде дайындалған тағамдарды талапқа сай сақтамау себеп. Әрі 14 жасқа дейінгі балалардың жеке гигиена ережелерін бұзуына байланысты. Бір жасқа толмаған балалар арасында да ішек ауруларына шалдығу көбейген. Эпидемиологтар бұл инфекцияның салдары адам ағзасына, әсіресе балалар үшін өте қауіпті екенін ескертеді. Сондықтан ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздеңіз.

П.Биназарқызы

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентке шақырылған жас сарбаздар әскери өмірге үйренуде

admin

Азаматтық іс бойынша тараптар татуласты

admin

 Бүгін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Кузембаев пен қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, ақпараттық саясат және оны дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты

admin