Шымкент: тергеу кезінде азаппен өлген жігіттің ісі бойынша полицейлерге үкім шықты

Шымкентте тергеу кезінде полиция ғимаратында азаппен өлген қостанайлық Нұрболат Жұмабаевтың өлімі бойынша қылмыстық іске нүкте қойылды. Үкім қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды.

 Іс материлдарына сәйкес айыпталушыларға Қылмыстық кодекстің 362-бабы (Билікті асыра пайдалану) және 146-бабы (Азаптау) бойынша айып тағылды. Олардың екеуі Нұрболат Жұмабаевтың өлімі кезінде Шымкент қалалық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары қызметін, үшіншісі Қаратау аудандық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің басшысы лауазымын атқарған. Ал соңғысы жедел уәкіл болып жұмыс істеген. Олардың барлығы да тергеу кезінде көз жұмған жігіттің өлімінен кейін жұмыстан босатылған болатын.Сот үкімімен төртеуі де кінәлі деп танылды.Шымкент қалалық ПД криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған Д.Аймешев 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Басқарманың тағы бір орынбасары лауазымын атқарған У.Жәнібековке 7 жылға, Қаратау аудандық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің басшысы болған Д.Исаевқа 3 жыл 6 айға, соңғы айыпталушы Ә.Өткіровке 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан өзге төрт айыпталушының 3 жылға дейін құқық қорғау органдарының басшылық қызметінде жұмыс істеу құқығы шектелді. Сондай-ақ олардың екеуі полиция полковнигі, екеуі полиция подполковнигі шенінен айырылды.

Г. Қалмырзақызы

ПІКІР ЖАЗУ