Шымкент : Ынтымақ-2 шағын ауданындағы су құбырын тарту жұмыстарының 90 пайызы аяқталды
Абай ауданы аумағында орналасқан Ынтымақ-2 шағын ауданында ауыз су мәселесі өзекті болып келді. Осы кезге дейін тұрғындар ауыз суды сатып алып, тұтынды. Бұл мәселе биыл шешімін табатын болады.
Ынтымақ-2 шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы мердігер мекеме «Компания Ахмет»ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған болатын. Ұзындығы 136,7 шақырымды құрайтын ауыз су құбырын тарту жұмыстарының бүгінде 90 % аяқталған. Жоба құны – 1 119,6 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қараша айында аяқталып, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы 2689 абонент сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Сондай-ақ, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы электр мәселесі де биыл шешіледі. Қазіргі уақытта мердігер мекеме «А. Мерей и К» тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың соңына дейін аяқталып, тұрғындар сапалы электр қуатына қол жеткізеді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі