Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Наурызнама онкүндігі аясында Алматыда ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтті

Іс-шараға аудан әкімдігінің өкілдері, Іле ауданынан келген Республикалық аналар қоғамының мүшелері қатысты. Сонымен қатар фестивальге аудан тұрғындары және спортта дарынды балаларға арналған арнаулы мектеп-интернат-колледжінің оқушылары қонақ ретінде шақырылды.

Ашылу рәсімінде оқу орнының басшысы Жәмилә Танабаева қатысушыларды Көрісу күні мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Фестиваль бағдарламасы аясында ұлттық және спорттық ойындар бойынша түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар асық ату, кір тасын көтеру, арқан тарту, қол күресі және секіртпемен секіру бойынша бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Қатысушылар мен көрермендер үшін концерттік бағдарлама ұсынылды.

Айта кетейік, фестивальдің негізгі мақсаты – қала тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Сәйкес жаңалықтар

“Көлігім ұрланды”: Алматы облысының тұрғыны полицияға жалған ақпарат берген

admin

Төлеби: қала, ауылдық округтердің бюджеті талқыланды

admin

М.Әйтенов: Шымкентте жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты

admin