Шымкент: Тұран ауданында 3 ойын алаңшасы балалар игілігіне берілді

  •  Бүгін Тұран ауданында да жағымды жаңалықтардың лебі есті. Астана күні мерекесі қарсаңында ауданда 3 балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.
  • Құрылыс жұмыстары 1 ай көлемінде жүргізілді, Қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы нысандарды аралау барысында мердігер мекемелерге ойын алаңшасының құрылысы сапалы, әрі дер кезінде орындалуын тапсырған болатын.
  •  Міне бүгін міне межеге сай Мангельдин көшесі № 36 үйдің ауласында балалар ойын алаңшасы салтанатты түрде аудан тұрғындарымен бірге қуанышты көңіл-күйде ашылды.
  • Сонымен қатар, Исмаилова көшесі №24 үй және Арғымақ елдімекеніндегі балалар ойың алаңшалары да балалар үшін қолдану игілігіне берілді.
  •  Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ