Шымкент циркінде отбасылы иллюзионистер өнер көрсетеді

Цирк – ерекше талғампаздықты, ептілік пен шапшаңдықты талап ететін қиындығы мен қызығы қатар жүретін өнер! Осындай жауапкершілігі мол қызметті отбасымен бірге қолға алып, цирк өнеріне аянбай еңбек етіп жүрген Сергей Мұстафин және оның өнерлі отбасы жайында айтпақшымыз.

Сергей өзінің жұбайы Гузель Зуфарқызы Мустафинамен бірге Шымкент цирк мекемесінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Өздерімен қатар ұлы Марк, қызы Сабина да цирк өнерін жетік меңгерген.

Сергей акробаттар тобының жетекшісі, цирк өнеріне қызығатын жас буынды дайындайды.

Сондай-ақ, жұбайы Гузель және ұлы, қызымен “иллюзионисттер” өнерін ұсынумен қатар акробатика, гимнастика, эквелибристика, фокус, иллюзия өнерін цирк сүйер көрерменге ұсынудан жалықпайды.

Бүгінде қызы Сабина Қытай Халық Республикасында Чанджоу қаласында иллюзианист болып өнер көрсетсе, баласы Марк Мәскеу қаласында РУЦЭИ-де 3 курста оқу оқиды.

Еңбектері еш кетпеді, Сергей Борисович 2015 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталып, қазір Алматы қаласында өтетін, 15 мемлекет қатысатын сайысқа яғни, Халықаралық цирк фестиваліне дайындық үстінде. Сәттілік тілейміз!

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ