ШЫМКЕНТ: Тассай тұрғын алабында 3 мыңға жуық үй орталық кәріз жүйесіне қосылатын болады
Каратау ауданы Тассай тұрғын алабындағы жүргізіліп жатқан кәріз жүйесінің құрылысы аудан әкімі тарапынан үнемі бақыланып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдік мамандары құрылыс жұмыстарының барысын аралап, жұмыстарды сапалы орындау, тұрғындарға қолайсыздық туғызбау үшін дер кезінде қайта қалпына келтіру бойынша мердігер мекемемен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кәріз жүйесінің құрылысын Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен “Сарыағаш- Аман” ЖШС құрылыс жұмыстарын атқаруда.
Құрылыс осы жылы басталып, 2022 жылы аяқталатын болады. Нәтижесінде Тассай тұрғын алабындағы 3 мыңға жуық үй орталық кәріз жүйесіне қосылатын болады.
Қаратау ауданының құрамына 17 шағынаудан мен 13 тұрғын алаб кіреді. Онда 1272 көше бар болса, оның 97-сі орталық көшелер.
Айта кетейік, аудандағы көпқабатты үйлерге жалпы 67 қоқыс алаңшасы қойылған.
Тасымалдаушы мекемелер кесте бойынша күніне 2 рет қоқыс тасымалдап, оны Ақтастағы қоқыс полигонына алып барады.