ШЫМКЕНТ: КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛІНЕ КӨШУДЕ

Шымкент қаласының Абай ауданында мүлік иелерінің бірлестігі (МБ) мен Жай серіктестік (ЖС) бойынша атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтсек, аудан аумағындағы 453 көпқабатты тұрғын үйдің 374-і бүгінде кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасында тіркелген.

Қазіргі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйытқысымен көпқабатты үйлерді басқарудың жаңа жүйесі мен оның тиімділігін түсіндіру бойынша тұрғындармен 290 жиналыс ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде, 218 көпқабатты тұрғын үй бойынша келісім хаттамасы жасалып, үлеске шаққанда ол 48,1 пайызды құрап отыр. Оның ішінде, көпқабатты 164 үй басқарудың жай серіктестік, 54-і мүлік иелерінің бірлестігі түріне көшті .Өткен аптада 24 рет жиналыс өткізіліп, 2 Мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, 24 үй Жай серіктестік ретінде тіркелді.
Әл-Фараби ауданында көпқабатты үйлердің жаңа басқару нысанына көшу бойынша тұрғындармен 384 мәрте жиналыс өткізілді. Осы күнге дейін 51 көпқабатты тұрғын үйде МИБ 139-ында ЖС құрылды. Сондай-ақ МИБ-ке өту жөнінде 34 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жинақталуда. Бұдан бөлек, кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа тәсілін таңдау бойынша қажетті құжаттар (хаттамалар) 27 көпқабатты үй тұрғындарға келісілуге беріліп, осы тақырып аясында түсіндіру жұмыстар жалғасуда.
Биылғы жылдың 26 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан, 12 көпқабатты тұрғын үйге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қол жинау үшін тұрғындарға хаттамалар берілді. 11 Жай серіктестік тіркелді.

Қаратау ауданының Тұран шағынауданы және Шымкент сити тұрғын алабына қарасты көпқабатты үйлерде әкімдік тарапынан тұрғындарымен жиналыс өткізілді. Онда мүлік иелері бірлестігі мен жай серіктестіктің маңыздылығы мен ерекшеліктері түсіндірді. Қазіргі таңда аталған ауданда 9 МИБ және 200 ЖС құрылған.

ПІКІР ЖАЗУ