Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жамбыл: полигонда Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды

25 қыркүйекте Жамбыл облысындағы «Айша бибі» оқу полигонында оқу-жаттығу кезінде Ұлттық ұланның үш офицері жарақат алды.

Оқыс оқиға оқ атудан жаттығу кезінде болған.

«Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан үш офицер аяғынан жеңіл жарақат алды. Әскери қызметшілер Тараз қаласының емдеу мекемесіне жатқызылды. Қазір  олардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, өмірлік маңызды органдар зардап шекпеген», – деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу басты назарда

admin

Түркістан: Қазығұртта сапалы футбол алаңы ашылды

admin

Мәулен Әшімбаев Талдау мектебін қорытындылады

admin