Шымкент: қала әкімі: «қоғамдық диалогқа ашықпыз»
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық кеңес отырысына қатысып, мегаполисті дамытуда өзекті мәселелер аясында пікір алмасты. Жиында жергілікті халықтың тұрмысын жақсарту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау тұрғысында бірқатар ұсыныс талқыланды.
Жалпы, есептік кезеңде қоғамдық кеңестің отырыстарында 52 мәселе қаралып, 22 хаттама түзілді, мемлекеттік мекемелерге 212 хаттамалық ұсыным жолданды. Осыған дейін 91 нормативтік құқықтық акт жобалары қаралып, қорытынды берілді. Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қоғамдық кеңестің жұмыстарын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныс жолданды.
«Халықтың мұң-мұқтажы, өзекті мәселерімен етене танысып, оңтайлы шешім қарастыруда сіздермен тығыз байланыста жұмыс істеу өте маңызды. Себебі әрқайсысыңыз өз салаңызда халықтың көкейіндегі сұрақтарға қанықсыздар. Қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру бағытында шешімдер қабылдауда өздеріңізбен пікір алмасып отырамыз», — деді қала әкімі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі