Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкент: қала әкімі ардагерлерді арнайы барып құттықтады

 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 қазан – халықаралық Қарттар күніне орай тыл ардагерлерінің шаңырақтарына барып, мерекелерімен құттықтады. Қазыналы қарияларға құрмет көрсеткен қала басшысы ақсақалдардың өсиетін тыңдап, ізгі тілегін жеткізді.

 – Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін еселі еңбек етуді сіздерден үлгі-өнеге еттік. Халқының тілеуін тілеп, ақ батасын берген өздеріңіздей қадірлі қарияларымыздың жол көрсетуімен өсіп-өніп келеміз. Ұрпақтар сабақтастығымен алған тәлім-тәрбиемізді өзімізден кейінгі буынға жеткізсек, үміттеріңізді ақтағанымыз болар. Әрдайым ортамызда аман жүріңіздер! – деді қала әкімі.

 Қала басшысы құрмет көрсеткен Ағабек Сүгірәлиев қарияның Шымкент қаласының дамуына қосқан үлесі орасан. Ал Жолдыбай Еңдібаев ақсақал – елімізге еңбегі сіңген құрылысшы.

 Арнайы құттықтау барысында қарияларға естелік сыйлықтар тарту етілді. Осынау құрмет-қошеметке ризашылықтарын білдірген ақсақалдар ақ батасын берді.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түлкібас: аудандық аурухана мамандары мен ауылдық округ әкімдері шұғыл жиын өткізді

admin

Сарыағашта «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты ашық есік күні өтті

admin

180 күннен кейін газ бағасы қалай өзгермек?

admin