ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында тұрғын үйді басқарудың жаңа тәсіліне 450 үй тіркелуі керек

Еңбекші ауданында 6 меншік иелерінің бірлестігі мен 174 жәй серіктестік тіркелді. Тұрғын үйді басқарудың жаңа тәсіліне әлі 450 үй тіркелуі керек. Бұл туралы аудан әкімі Досбол Есілбек қала әкімдігінің @akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфир кезінде мәлімдеді.

«Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес мүлік иелерінің бірлестіктері институтын немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды тапсырған болатын. Осы мақсатта Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігі немесе жәй серіктестікті құру мәселесі бойынша қала тұрғындарына үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде»,-деді аудан әкімі.

МИБ – бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін, «бір үй – бір мүлік иелерінің бірлестігі – бір есепшот» принципіне негізделген заңды тұлға ретінде тіркелген коммерциялық емес ұйым болып табылады.

ЖС – заңды тұлға құрмай, «бір үй – бір жай серіктестік – бір есепшот» принципі бойынша жұмыс істейді.

Тікелей эфир барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үйді басқарудың жаңа тәсілінен бөлек, жол, қоғамдық көлік, электр жарығы мен көшені жарықтандыру сынды сауалдар келіп түсті.

ПІКІР ЖАЗУ