ШЫМКЕНТ: Екпе алуға келген тұрғындарға “Мен қауіпсіздіктемін” браслеті таратылды

“Мен қауіпсіздіктемін” деп аталатын акцияның өтуіне қалалық Жастар ресурстық орталығы және еріктілер атсалысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.
Тұрғындарды екпе алуға үндеген шара мегаполистегі №1, № 3 және №6 емханаларда ұйымдастырылды.
Еріктілер емханаға екпе алуға келген тұрғындарға “Мен қауіпсіздіктемін” браслетін таратты.
-Қазір қаладағы эпидахуал күрделі. Мегаполистегі коронавирусты емдеу орталықтарында ауырып жатқан науқастар көп. Олардың көбісі дәрігердің кеңесін алмай, өз бетінше ем-шара қабылдағандар және вакцина алмаған пациенттер. Соның салдарынан адамдардың дерті ушығып, соңы қайғылы жағдайға ұшыруда. Сондықтан қауіпті індеттің алдын алып, ауырмаудың тиімді жолы – екпе алу екенін ұмытпайық,- дейді №1 қалалық емхананың терапевт дәрігері Балнұр Пазилова.
Айта кетейік, Шымкентте жалпы екпе алу науқаны басталғалы 394 484 адам вакцина салдырды. Оның 319 297-сі вакцинаның екі компонентін алған. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 780 орын бар, төсек орын толымдығы 55%-ды құрайды, 1670 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2110 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 559 төсек орын бар, 346 науқас ем қабылдауда.

ПІКІР ЖАЗУ