ШЫМКЕНТ: Биылғы жылы егін шаруашылығы 30 мың гектарға жуықтады
Шымкент қаласында биылғы жылы 29,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мәлім етті.
Мамандардың айтуынша, дәнді дақыл 12,9 мың гектарға, майлы дақыл 3,8 мың га, мал азығы 8,9 мың га, көкөніс пен бақша 3 мың га, картоп 0,7 мың гектарға егілген екен.
Нәтижесінде 11,2 мың тонна дәнді дақыл, 0,8 мың тонна майлы дақыл, 33,2 мың тонна көкөніс, 3,1 мың тонна картоп, 12 мың тонна мал азықтық дақылдар яғни барлығы 60,3 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды.
Шымкент қаласында ауыл шаруашылық саласында биыл құны 9 млрд. теңгеге 1500 жұмыс орнымен 25 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде жылы жай салу, 241 гектар қарқынды бау, көкөністі қайта өңдейтін зауыт, құс фермаларының қуаттылығын арттыру, мал бордақылайтын орын мен сүт фермасы және балық шаруашылығын дамыту қолға алынды.
Сонымен өатар қалада ірі қара мал саны 82,8 мың басты, қой мен ешкі саны 113 мың басты, жылқы 14,8 мың басты, құс 975,6 мың басты құрап отыр.