ШЫМКЕНТ: Батыс шағын ауданында су құбырын тарту жұмыстарының 80 пайызы аяқталды

Шымкент қаласының Батыс шағынауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында мердігер «Мелиоратор» мекемесі тарапынан  өткен жылы құрылыс жұмыстары басталған болатын.

Ұзындығы 151,47 шақырым ауыз су жүйесі құрылысының бүгінде 80 пайыз жұмысы аяқталды. Құрылыс жұмысы толығымен 2021 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, Батыс шағынауданын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында мердігер мекеме «Turan Energo Group» тарапынан 2021 жылдың мамыр айында құрылыс жұмысы басталды.

Қазіргі таңда, 81 елді мекеннің 69-ы сапалы ауыз сумен, 5 елді мекен кестемен, 7 елді мекен тасымалды ауыз сумен қамтамасыз етілуде.

Енді бұл көрсеткішті арттыру мақсатында 2021 жылы 14 нысанның, яғни 3 магистралды суаққы мен 11 ішкі орамдық жүйелер құрылысы жүргізілуде. Олар: Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымак-2, Батыс, Жаңаталап, Нұртас, Ақтас, Сауле, Құрсай 1-кезек, Құрсай 2-кезек.

Жыл соңына дейін ауыз суды тасымалдап ішетін Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас сынды 7 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ, ауыз су кестемен берілетін Жаңаталап және Сауле елді мекендерінің тұрғындарына сапалы ауыз су берілетін болады.

ПІКІР ЖАЗУ