Штаб мүшелері ұжымдық кездесулерге қатысуда

Қалалық халықтық штаб мүшелері үгіт насихат жұмыстарын «Ұлы Дала елі» ғимаратында «Ұлы Дала елі» ұжымына өткізді.

Үгіт насихат жұмыстарына қалалық мәслихат төрағасының м.у.а және қалалық AMANAT партиясының фракция жетекшісі Мұсабек Құлбатыр және Құлжабаев Бақытжан қатысты.

Шара барысында Құлбатыр Базарбайұлы жалпыхалықтық референдумды тағайындау туралы бастаманың құқықтық негіздері түсіндіріп өтті. Сонымен қатар мемлекет өмiрiнiң неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру арқылы таңдау жасалатынын айтты.

Сондай-ақ штаб мүшесі Құлжабаев Бақытжан жиын барысында, АЭС салу бастамасының технологиялық және ғылыми аспектілері, энергетикалық қауіпсіздікті және тәуелсіздікті қамту мәселелеріндегі рөлі талқыланып, ғалымдар мен сарапшылардың объективті бағалаулары келтірді.

Жиынға қатысушылар АЭС салу бастамасы қай жағынан болсын, бүгінгі таңдағы ең тиімді жоба екендігіне көз жеткізді.

Сөз сонында біз «Ұлы Дала елі» ұжымын 6 қазанда өтетін Референдумға қатысып, өз дауыстарын беруге шақырды.

ПІКІР ЖАЗУ