Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция ақша мен ұялы телефон ұрлаған күдікті жас жігітті ұстады

Сайрам аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері асханадан ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен жас жігітті қолға түсірді.

Анықталғандай, жас жігіт жәбірленушінің бұрынғы жұмыс істеген қызметкері болып шықты. Ол кезінде дәмханада өз міндеттерін атқарып жүрген уақытта жұмыс берушісінің кассада қомақты сомада ақша барын білген.

Түнгі уақытта жас жігіт дәмханаға жасырын кіріп, кассадағы ақша мен қызметтік ұялы телефонды жымқырған. Содан оңай жолмен келген ақшаны жаратып жіберген.

Полицейлер қолды болған ұялы телефонды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сәйкес жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлық елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс

admin

Қазақстандағы ең ірі газ электр стансасы 2026 жылы іске қосылады

admin

Түркістан: Шардара ауданында 200 орындық мәдениет үйі ашылды

admin