Шөкеев құрылғанына 4 жыл болған Түркістан облысының жағдайы туралы айтты

Түркістан облысының құрылғанына 4 жыл уақыт өтті. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң үрдісі қалыптасты. Жалпы ішкі өнім 1,6 есеге артып, 2 трлн 800 млрд теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы 9,6 млрд теңге болды. Қазір Түркістан облысында жыл сайын 824 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, – деді ол.

Шөкеев атағандай, Түркістан облысының индустриялық аймақтарында жалпы құны 32 млрд теңге болатын 44 жоба іске қосылды.

Оның нәтижесінде 2368 жұмыс орны ашылды. Өңірде 1150-ге жуық бизнес субъектісі жұмыс істейді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 43 млрд теңгеге 315 жоба мақұлданды. «БЖК-2025» бойынша 2,5 млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарланып отыр. ШОБ-ті қолдау шаралары арқасында өндірілген өнім көлемі 47 пайызға өсіп, 1 трлн теңгеден асты, – деді Өмірақ Шөкеев.

ПІКІР ЖАЗУ