Шардара: жұқпалы ауруға қарсы брифинг өтті
Жиынның мақсаты қазір кезде елімізде қызылша ауруының өршуіне байланысты шаралар қабылдау.
Брифингке аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Мұхитдин Сейтханов, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы Спандияр Оразымбетов, аудандық СЭББ-ның эпидемиология бөлімінің басшысы Абыл Бердібек және медицина саласының мамандары қатысты.
Аудан бойынша қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізуге жоспарланған балалар саны 5597. Атап айтқанда, 6айлық-114, 7айлық-128,8айлық -98, 9 айлық-119, 10 айлық 29 күн-117, 2 жас-1761, 3 жас-1676 және 4 жас 11 ай 29 күн-1584.
«Екпені қолдану алдында вакцинаның әрбір бірлігінің (ампуласының немесе құтысының) таңбалануын (атауын, жарамдылық мерзімін, препараттың сыртқы түрінің нұсқаулықтағы сипаттамаға сәйкестігін, бүтіндігін) мұқият зерделейді;
-вакцинаның және шприцтің қаптамасын ашу вакцинациялау алдында тікелей егілетін адамның немесе оның заңды өкілінің алдында жүргізіледі; вакцинаны алдын ала сұйылтуға және құтыдан шприцке алуға жол берілмейді; вакцинаның әрбір дозасын шприцке алу тек вакцинацияланатын адамның қатысуымен ғана жүргізіледі;
-препараттың бір реттік дозасы (0,5 мл) енгізу техникасын сақтай отырып, тері астына енгізіледі: 1 жасқа дейінгі балаларға жамбастың алдыңғы латеральды аймағына, 1 жастан асқан балалар үшін бұлшықет массасы жеткілікті болғанда иықтың дельта тәрізді бұлшықет аймағына және ересектерге – иықтың дельта тәрізді бұлшықет аймағына
-иммундау алғаннан кейін егілген адамдар 30 минут бойы денсаулық сақтау ұйымының жеке үй-жайында медицина қызметкерінің бақылауында болады. Кейіннен медицина қызметкері вакцинаны енгізгеннен кейін 5-6 және 10-11 күні егілгендерді үйде бақылауды қамтамасыз етеді.»- деді брифингқа қатысқан медицина мамандары.
Сондай-ақ, эпидемиолог мамандар қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар аурудың жұқтыру қауіпі жоғары болады. Қызылшамен ауырып сауыққаннан кейінде оның асқыну белгілері болуы мүмкін екендігін алға тартты.
Дәрігерлер жиында аурудың өршуінің алдын алатын ең тиімді және сенімді әдіс вакцинация екенін атап өтті.
—Қызылшадан егу вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды. Қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға, сондай-ақ қызылшаға қарсы профилактикалық иммундау жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне егілетін адамның немесе ата-анасының (заңды өкілдерінің) хабардар етілген келісімін алғаннан кейін қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізіледі.
Егілуге жататын контингентке қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу» туралы әдістемелік ұсынымдарға сәйкес өз кезеңімен:
– 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балалар – осы санаттағы балаларды қосымша иммундау қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинаның 2023 жылғы 6 қарашадан басталады;
– 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, жоспарлы тәртіппен –2023 жылғы 5 желтоқсаннан басталады;
– қызылшаға қарсы профилактикалық екпелері жоқ, сондай-ақ 2019-2020 жылдары және 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізілген осы инфекцияға қарсы алдыңғы қосымша жаппай иммундау барысында қызылшаға қарсы егілмеген медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне 2023 жылғы желтоқсаннан бастап 2024 жылғы қаңтар аралығында жүргізіледі.
Халық арасында аула аралау жұмыстары кезінде екпенің тиімділігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуді.»-дейді бас дәрігер.
Сонымен қатар эпидемиологтап қызылшадан: жеке гигиена ережелерін сақтауға, қолды мұқият жуу, жиі таза ауада серуендеу, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін сауда-ойын-сауық кешендері, мәдени-бұқаралық іс-шаралар сияқты адамдар көп шоғырланатын жерлерге баруды шектеу маңызды екендігін ескертті.