Шардара:«Марафон-2023» спорттық шарасы өтті

Облыс әкімі Д.Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес,«Денсаулыққа қарай 10 000 адам» акциясы аясында,«Шардара ауданы әкімінің кубогына» орай жүгіруден марафон жарысы өтті.

Шардара қаласында өткен марафонға  200 жуық адам қатысты. Абай алаңы мен орталық стадионға дейінгі жалпы жүгіру қашықтығы 3 шақырымды құрады. Спорттық шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, қала әкімі О.Айдосов және қолкүрестен әлем чемпионы, аудандық мәслихат депутаты Қ.Оңғарбаев қатысты.

Б.Шомпиев мәреге алғашқы болып келген марафоншыларды құттықтап, үздіктер аудан әкімінің атынан арнайы Алғыс хаттар, кубок және медалдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жарыста ерлер мен әйелдердің үздіктері жеке-жеке анықталды.

Атап айтсақ, ерлер арасында үзік болып, I-орынды алған Сакен Адырбай, II-орынды Бексұлтан Асқаров және жүлделі III-орынға Нұрдаулет Сәрсен ие болды. Ал нәзік жандылардан I-орын Айдана Махамбетке бұйырса, II-орын Рыскүл Аранджанова иемденді, сондай-ақ, III-орынды Гүлбақыт Айдарова жеңіп алды.

Аудан әкімінің орынбасары барша марафонға қатысушыларға алғыс білдіріп, әрқашан спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.

ПІКІР ЖАЗУ