Шардара: аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев 2023 жылғы IV-тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру кездесуін бастады. Аудан әкімі кездесуді Достық, Ақшеңгелді, Сүткент, Қызылқұм және Көксу ауылдық округтерінде өткізді.

Кездесу барысында әр ауылдық округ бойынша тұрғындар тарапынан мәселелер айтылып, сауалдар қойылды.  Аудан әкімі көтерілген сұрақтар мен ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізілетінін жеткізді. Атап айтқанда, Достық ауылындағы ауыз су, Ақшеңгелді ауылында жекеменшік канал мәселесі, Қызылқұм ауылында мәдениет үйі мен жайылымдық жер мәселелері көтерілді. Сүткент ауылында каналдарды бетондау, ауылды абаттандыру, жаңадан әкімдік ғимаратынан салу, егістік жер секілді мәселелер сөз болса, Көксу ауылында мақта мәселесі, ауыз су кестесін реттеу, жеңілдетілген дизель отыны сөз болды.

– Алдағы уақытта ауылдық округтерді абаттандыру, жарықтандыру, жол салу, жаңа инфрақұрылым тарту, егістік алқапқа жағдай жасау жұмыстары жүзеге асады. Біз үшін әр тұрғынның мәселесі маңызды. Сондықтан әрқайсысыңыздың мәселеңізді тыңдап, оны шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі,- деді Арман Романұлы.

ПІКІР ЖАЗУ