Шардара: А.Қарсыбаев:«мақсатым бос сөзбен емес, нақты нәтижемен іс көрсету»

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың: «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Кездесулер барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» — деп айтылған жарлығына сәйкес, аудан әкімі Арман Қарсыбаев Алатау батыр,Ұзыната, Қоссейіт, Қ.Тұрысбеков және Жаушықұм ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Әр елді мекенде тұрғындардың сауалдарынтыңдап, ауылдардағы қордаланған мәселелермен танысты.

— Әр ауылдық округдегі қордаланған мәселелерді жергілікті тұрғындар жақсы біледі. Жол төсеу, ауыз су, ағын су, құрылыс, жарықтандыру және ауылшаруашылығына байланысты  жасалауға тиісті жұмыстарды ауыл әкімдері жыл басынан бастап сіздермен ақылдасып, тиісті нысандардың сметасын жасаса, ауданнан, облыстан немесе республикадан қаржы бөлдіру бойынша барынша жұмыс істейтін боламыз.

Мақсатымыз халыққа есеп берген кезде құр сөзбен емес, нақты іспен нәтижеге жұмыс жасау.»- деді Арман Романұлы.

Сонымен қатар ауылдық округтерде жеке қабылдау өткізді.

ПІКІР ЖАЗУ