Сауран: Қарашықтағы жұмыстар қарқынды
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың кезекті есепті кездесуі Қарашық ауылдық округі тұрғындарымен өтті. Аудан әкімі алдымен ауыл округінде атқарылып жатқан жұмыстардан бастады. Қарашықты табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, ішкі газ құбыры ЖСҚ әзірленіп, бюджеттік өтінім жолданған. Жоба құны – 4 956,093 млн теңге. Сонымен қатар, магистарльды газ құбырын ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысын алуға жолданған. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 6 дана трансформатор орнатылып, алдағы уақытта қосу жұмыстары жүргізілуде. Келісім шарт құны-9,8 млн.теңге. Құмтүйін елді мекенін электр қуатымен қамтамасыз ету құрылысына ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынып бюджеттік өтінім жолданған. Жоба құны – 106,0 млн тенге. Қоқыс полигонының аумағына қоршау жұмыстары жүргізілген. Қарашық-Құмтүйін тас жолының қиылысында бағдаршам орнату жұмыстары жүргізіліп, техникалық шарт алу жұмыстары жүргізілуде.
Қарашық ауыл округі бойынша “Ауыл аманаты” жобасына 82 өтінім түскен. Аудан әкімі несиесін уақытылы ала алмай отырған тұрғындардың мәселесін жеделдетуді тапсырды. Сонымен қатар ауылішілік көшелерге тас төсеу жұмыстары, ауыз су жетіспеушілігін, көнерген электр бағаналарын жаңартуды аудандық ТҮКШ және АЖ бөліміне ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына дейін аяқтауды тапсырды.
-Қарашық ауыл округі кезінде диқаншылықпен танымал болған. Халқы еңбекқор. Ауылдың потенциялын көтеріп отырған ірі кәсіп иелері бар. Олармен персоналды түрде жұмыс жасаймыз. Ол үшін аумағы 350 гектар құрайтын индустриалды аймақ құрып жатырмыз. Аймаққа кәсіпкерлерді тартып, құжаттарын даярлауға қолдау көрсетеміз. Ауылда көтерілген мәселені өз ауылдарыңызда бірлесіп шешейік. Мен тәулік бойына сіздердің мәселелеріңізді тыңдап, шешім қабылдауға дайынмын,-деп түйіндеді өз сөзін Мақсат Асылбекұлы.
Мұнан өзге елді мекендерді дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылады. Жиын соңында аудан әкімі мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын қадағалауды тапсырды.