“SHANYRAQ” ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШАРАПАТЫ КӨП


Шымкентте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ашылған “SHANYRAQ” отбасы институтын қолдау орталығында көпбалалы аналарға қолдау ретінде түрлі бағыттағы курстар мен балаларға арналған тегін үйірмелер қызмет көрсетеді.

Тегін курстарда аналар кондитерлік өнім әзірлеу, тігіншілік кәсібін үйрене алады. Курс уақыты 45 күнге созылады. Қыз-келіншектер аптасына 3 рет үш сағаттан оқиды. Курсқа жазылған балалар өздерімен бірге балаларын ертіп баруына болады. Бұл үшін орталықта қажетті жағдайлар жасалған. Яғни, балалар бос уақытын тиімді өткізу мақсатында орталықта шахмат, тоғызқұмалақ,футбол, каратэ, ағылшын тілі, математика курстары ұйымдастырылған.

SHANYRAQ” орталығының мақсаты – аз қамтамасыз етілген отбасыларға және көп балалы аналарға кәсіпкерлік жөнінде бағыт-бағдар беру, оларды қысқа мерзімді курстарға қатыстырып, жұмысқа бейімдеу, қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. Орталық мамандары сонымен қатар, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңес береді.

Осыдан бір жыл бұрын ашылған орталықта бүгінге дейін 9,5 мыңнан аса аз қамтамасыз етілген және көпбалалы аналардың мұқтаждықтары тіркеуге алынып, түрлі бағытта қызмет көрсетіліп, ақпараттық қолдау, психологиялық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталынан қызметтерін алу мәселелері бойынша көмектер ұсынылған.

Көпбалалы аналардың қатысуымен 149 кездесу, оның ішінде 13 бизнес-тренинг, 24 психологиялық тренингтер өткізілген.
Жалпы, Шымкент қаласында 49405 көпбалалы отбасы бар. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 15 361-ді құрайды.

ПІКІР ЖАЗУ