Сессияның күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды

Бүгін, Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымындағы кезекті жиырма үшінші сессиясына қатыстым. Мәжіліс басталмас бұрын өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруіне үлес қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысып жүрген азаматтарға мәслихаттың «Құрмет Грамотасын», ҚР Президенті сайлауы кезінде үгіт – насихат жұмыстарына белсене атсалысқан бірқатар азаматтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен респубикалық қоғамдық штаб жетекшісі Ерлан Қошановтың «Алғыс хаттарын» табыс еттік.

Сессияның күн тәртібінде 9 мәселе қаралып, ол бойынша шешімдер қабылданды.

Ең бірінші 2023-2025 жылдарға арналған ауданның бюджеті нақтыланды. Күн тәртібіне сәйкес, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Жұмабаев жыл көлемінде атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Төлеби аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 наурыздағы №15/84-VІІ «Төлеби аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді. Төлеби ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілді. Сондай-ақ, сала басшылары қызметін і ауыстыруына байланысты, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді. Төлеби ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелері бекітілді. Аудандық мәслихат аппаратының шығыс сметасы мен 2023 жылға арналған аудандық мәслихаттың жұмыс жоспары талқыланды. Ауданның өсіп-өркендеуіне қосқан айрықша үлесі үшін жылдың қорытындысымен бірқатар азаматтарға «Төлеби ауданының Құрметті Азаматы» атағын беру мәселесі қаралды.

Сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

ПІКІР ЖАЗУ