Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Семейде «Еңбекші жастар – 2025» фестивалі өтті

Семей қаласындағы Электротехникалық колледж базасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Еңбекші жастар – 2025» қалалық фестивалі өтті. Басты мақсат – еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау, жастарды техникалық және жұмысшы кәсіптерге баулу, сондай-ақ еңбекке деген оң көзқарас қалыптастыру.

Іс-шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбек Ғапуов, колледж студенттері мен өңірдің еңбекші жастары қатысты. «Жастардың еңбекке деген ықыласы, кәсіби шыңдалуға ұмтылысы – қаламыздың дамуының кепілі. Бүгінгі фестиваль – жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы беделін арттыруға бағытталған маңызды қадам», – деді Қуаныш Әбілдаев.

Фестиваль аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған аймақтағы 20-дан астам ірі кәсіпорын мен жұмыс беруші мекемелер қатысып, жастарға тұрақты жұмыс пен тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін ұсынды. Сондай-ақ, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген еңбекші жастарға қала әкімінің орынбасары алғыс хаттар табыстады.

Сәйкес жаңалықтар

Кітап оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған жобалардың қорытындысын өткізу жоспарлануда

admin

Столичные клубы моржей «Алтын ел» и «Бодрость» поддержали проект новой Конституции

admin

Алматыда әлеуметтік осал санатындағы азаматтарға пәтер беріліп, АӘК көрсетілді

admin