Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Алимент бойынша борышкерлер құмар ойындарынан шектелді

Талдау барысында алимент берешігі бар 326 борышкердің соңғы төрт жылда құмар ойындарға 800 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, 45 борышкерге құмар ойын сайттарына кіруге шектеу қойылды. Сондай-ақ 11 қаскөй борышкерге қатысты алимент төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 14 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Әрекетсіздік танытқаны үшін 69 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды және 2 жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыру лицензиясынан айырылды, — делінген хабарламада.

Борышкерлерді алимент төлеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 669 б.) және қылмыстық (ҚК 139 б.) жауаптылық көзделгенін ескертеміз. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау Атырау облысы прокуратурасының қатаң бақылауында.

Сәйкес жаңалықтар

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

admin

Астанаға жаңа жабық стадион салынады

admin

Бастау бизнестің жаңа негіздерін түсіндіру жұмыстары жалғасуда

admin