Сауранда “Нашақорлыққа жол жоқ!” акциясы өтуде
Сауран ауданы полиция бөлімі және аудандық прокуратура мен әкімдік қызметкерлері бірлесе отырып “Нашақорлыққа жол жоқ!” акциясы өткізілуде. Полицейлер нашақорлықтың зияны мен салдары туралы тұрғындарға алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
Шараның мақсаты – есірткіге қатысты мәселелерді зерделеу және есірткіні қолданудың алдын алу. Жастар арасында есірткіге қатысты проблемалар жайлы ақпараттандыру деңгейін жоғарлату, психоактивтік заттарды қолдануға қарсы дағдыларды дамыту.
Іс-шара аясында қоғамдық орындарда және аудан орталығында жадынамалар таратылып, тыйым салынған заттарды, оның ішінде синтетикалық есірткілерді тұтыну мен тарату және олардың денсаулыққа тигізетін зардаптары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Сонымен қатар тұрғындарға есірткі қылмысының алдын алу мақсатында есірткінің заңсыз айналымы және қандай да бір заңсыз әрекет жазасыз қалмайтындығын ескертілді.