Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Балалар арасында асфальтқа сурет салу сайысы өтті

Сайрам аудандық полиция басқармасының ұйымдастыруымен «Отбасы» мерекесіне орай М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің 2 сынып оқушылар арасында «Менің отбасым» тақырыбында асфальтта сурет салу сайысы өтті.

Шараның мақсаты — балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тарихи — мәдени және рухани құндылықтарын бағалау. Олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, елінің нағыз патриоты болуға баулу.

Аталмыш шарада балалар түрлі-түсті бояуларды пайдалана отырып, әртүрлі тақырыпта сурет салып, үйлерді, көңілді балаларды және тағы басқаларды бейнелеп шығармашылықтарын танытты.

Шара соңында сайысқа қатысқан барлық оқушыларға басқарма жеке құрам қызметкерлері атынан сыйлықтар табыс етілді.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте мемлекеттік мектептердегі педагогтардың жалпы саны 18 770 құрайды

admin

Қазақстанда кейбір азық-түлік бағасы арзандады

admin

Жыл басынан бері қамқорлық орталығынан 2260 тұрғын көмек алған

admin