Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Сауранда» 88 мәселенің 82-сі шешімін тапты

Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Сауран» секторының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді.

«Сауран» тұрғын алабындағы жыл басынан бері өткен екі кездесу барысында тұрғындар тарапынан 88 мәселе көтерілген болатын. Олардың 82-сі бүгінде толық шешімін тапты, 3 мәселе бойынша жұмыстар басталды, ал 3 мәселенің заңдылығы түсіндірілді.

Биыл І-мөлтек ауданда абаттандыру қарқынды жүрді. Оның ішінде спорт алаңшаларын салу, аумақты асфальттау мен аяқжолдар төсеу, жарықшамдар орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстың 90 пайызы аяқталды.

Ендігі кезекте, ІІ-мөлтек ауданды да абаттандыру қолға алынды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: кәсіпкерлер көтерген мәселелерді шешу жолдарын талқылау үшін мемлекеттік органдармен кеңес өткізді

admin

Сауда орталықтары қаншалықты қауіпсіз?

admin

Қазақстан мен Ресей парламентшілері ынтымақтастықты күшейтеді

admin