Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Баскетболдан төлеби ауданының ашық біріншілігі басталды

Төлеби ауданының 90 жылдығына орай аудан әкімінің кубогы үшін баскетболдан 2007-2008, 2008-2009 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Төлеби ауданының ашық біріншілігі басталды. Біріншілікке 200-ден астам спортшы келді.
Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек және аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ғани Ордабаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа Шымкент қаласы және Келес, Қазығұрт, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас, Төлеби ауданының командалары қатысып, бас жүлдені сарапқа салады.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Жамбыл облысының халқы жаңа әкімнің кабинетіне басып кірді

admin

Түлкібастық бағбандар 25 мыңтоннадан астам күздік алма жинаған

admin

Түркістанда үздік мәдениет ұжымдары мен қызметкерлері марапатталды

admin