Сауран секторында заңсыз тұрған 140 дүңгіршек алынып, 8 әлеуметтік дүкен салынды

  • Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жыл ішінде Сауран секторының тұрғындарымен түрлі деңгейде 15 кездесу өткізді. Көтерілген 177 мәселенің 168-і бүгінде шешімін тапты.
  • АТАП АЙТСАҚ:
  •  І-ІІ мөлтек ауданда орналасқан негізгі көшелерге жарықшам бағаналары қойылып, жарық берілді. Тұйық көшелерді жарықтандыру жоспарға енгізілді.
  •  Көктем көшесі және Б.Майлин көшесінің 3 тұйығына 3 жаңа трансформатор орнатылып, Баянауыл аймағындағы Ұлы Дала көшесінде электр бағаналары ауыстырылды.
  •  “ТГЖД” аумағында, Тәуке хан көшесі бойында, Тыныштыкулов, І-ІІ мөлтек ауданында, Кенесары көшесінде және Мақтазауыт аумағында 70 көшеге ауыз су жүйесі тартылды.
  •  Сауран тұрғын алабындағы су жиналатын жерлерге 17 дренаж орнатылды.
  •  ІІ-шағын ауданында, Төле би көшесі, Ж.Қыдыр көшесіндегі көпқабатты 84-ші үйдің ауласы, Өтемісұлы, Кенесары көшелері абаттандырылды.
  •  Сауран секторында балаларға арналған 5 ойын алаңшасы, футбол алаңдары жасақталып, қолданыстағы бірқатар алаңша жаңартылды.
  •  Сауран тұрғын секторында 156 көшенің 45-не асфальт төселген, биыл 16 көшеге тас төселді, 12 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салынды.
  •  Тұрғындардың өтінішіне сәйкес, №7 қоғамдық көлік маршруты Мақтазауыт аумағына дейін созылып, арақашықтық уақыты жиіледі. Жыл ішінде жаңа 6 аялдама орнатылды.
  •  ІІ-мөлтек ауданында және Балақаев көшесіндегі көпқабатты үйлерге заңсыз салынған қосалқы құрылыстардың бірқатары бұзылып, реттелді.
  •  І-ІІ мөлтек аудандарында заңсыз тұрған 140 дүңгіршек алынып, 8 әлеуметтік дүкен салынды.

ПІКІР ЖАЗУ