Сауран: әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Сауран ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Жиынды комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала мамандары қатысты.

 Жиынның күн тәртібіне сәйкес, Жасөпірімдер ортасындағы буллингтің алдыну алу туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова, аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Айгерім Дүйсенбекова, Ауылда өмір сүру сапасын, білім деңгейін арттыруға, репродуктивті денсаулықты жақсартуға, сондай-ақ ауыл әйелдерінің экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал ететін өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу және ауыл әйелдерін қолдауға арналған «Бір ауыл-бір өнім» жобасы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Асылбек баяндама жасады. Бұдан бөлек, ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша аудандық емхана басшысының емдеу және профилактика ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы А.Қоңырбаева хабарлама жасады.

 Қазіргі таңда буллингтің алдын-алу мәселесі үлкен маңызға ие және көптеген себептерге байланысты кеңінен қамту қажеттігі айтылды. Біріншіден, агрессивті мінез-құлықтың бұл түрі жасөспірімдердің психикасын терең жарақаттайды. Екіншіден, экономикалық тұрақсыздық, кедейлік, біздің күнделікті өміріміздегі агрессияның, стрестің көптігінен буллингтің жасөспірімдер арасында таралуы артып келеді. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше 11 және 13 жастағы әрбір бесінші, 15 жастағы әрбір оныншы жасөспірім мектепте буллингке ұшырайды екен. Соңғы 10 жылда жасалған зерттеулер нәтижесінде Қазақстанда 14 жастан асқан балалардың 65 пайызына мектепте әлімжеттік жасалатыны белгілі болып отыр.

 Комиссияның күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта жұмысшы тобы құрылып, ауылдық округтерді аралайтын болып келісілді. Комиссияны қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалуы комиссия хатшылығы тарапынан бақылауда болатынын жеткізді.

 Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ