Сарыағаштық жас спортшы әлем чемпионатына жолдама алды

Сарыағаштық жас спортшы –

Еркебұлан Ахатов самбо күресінен жастар арасында Қазақстан чемпионы атанып, аудан, облыс мерейін тағы да үстем етті. 

Ағымдағы жылдың 27-31 наурыз күндері Тараз қаласында өткен спорттық самбо және жауынгерлік 2003-2004 жылдары туған жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Еркебұлан Ахатов алтыннан алқа тағып, жүлделі бірінші орынды олжалады.

Байрақты додада аудан намысын қорғаған жас спортшы 58 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Өңір мерейін үстем еткен Еркебұлан Ахатов  Сарыағаш ауданындағы #2 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Қазіргі таңда жас спортшы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университетінің 2-курс студенті. 

Жастайынан спортқа құмар Еркебұлан Ахатов күрестің дзюдо, юнифрайт түрімен де шұғылданады. Атап айтар болсақ, жастар арасында Самбодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы,  юнифрайт жекпе-жек спорт түрінен  Қазақстан және Азия чемпионы атанған. 

Жаттықтырушы- Жанәділ Алдияров 

Жас спортшы мен жаттықтырушыны жемісті жеңісімен құттықтап, алдағы Әлем чемпионатында топ жаруына тілекшіміз!

ПІКІР ЖАЗУ