Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Жетісу: өңірдің мал шаруашылығын субсидиялауға биыл 6,8 млрд теңге бөлінді

Жетісу облысында биыл мал басының саны 2,5%-ға өседі деп күтілуде, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірде 278,1 мың бас ірі қара, 128,1 мың бас жылқы, 1,7 мың бас түйе, 887,0 мың бас ұсақ мал бар.

Мал басының артуына және ет пен сүт өндірісінің ұлғаюына мемлекеттік қолдаулар игі ықпалын тигізіп отыр. Мәселен, мемлекеттік бағдарламалар аясында 1140 сүтті ірі қара мал сатып әкелу жоспарланған. Облыстың мал шаруашылығын субсидиялауға осы жылға 6,8 млрд теңге бөлінді.

Сәйкес жаңалықтар

Таулы аймақтың табысы да қомақты

admin

Жетім балалар үйсіз, мүгедектігі барлар жәрдемақысыз қалған

admin

Газ саласы: инфрақұрылымды жақсарту үшін тарифті арттыру ұсынылады

admin