Сарыағаштық бұрымды бокстан әлем кубогының жүлдегері атанды
Сарыағаштық бұрымды Аружан Жаңабаева халықаралық додадан жүлдемен оралды. Черногория елінде бокстан өткен «Әлем кубогында» 2 орын иеленіп, күміс жүлдегер атанды.. Ел абыройын асқақтатқан жас спортшы әлемдік додаға Қазақстан атынан сынға түсті.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында 2006-2007, 2008-2009 жылғы жастар мен жасөспірім қыздар арасындағы бокстан республикалық чемпионтта алтын медальды қанжығалап, «Әлем кубогына» жолдама алған еді. Боз кілемле белдескен ол ел мерейін тағы да үстем етті.
Аружанның бапкері белгілі боксшы – Ринат Галимов.
8 жылдан бері боспен кәсіби шұғылданып келе жатқан мектеп оқушысының жетістіктері де орасан:
📌Алматы қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов атындағы халықаралық турнирдің күміс медаль иегері;
📌 2021 жылы Дубай қаласында өткен Азия чемпионатының І орын иегері;
📌2022 жылы Иорданияда өткен Азия ойындарында І орын алып, чемпион атанған .
📌 3 дүркін Қазақстан, 2 дүркін Азия чемпионы
Ендігі оның жеңіс қоржынына Әлем кубогының күміс медальы қосылды.
Әрі қарайғы мақсат та, арман да– Қазақстан Туын көкке желбіретіп, Әлем кубогының жеңіпазы атану.