Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Шымкент: наурыз мерекесі қарсаңында 100-ден аса отбасы несиелік пәтерге қол жеткізді

Мемлекет басшысының  тапсырмасымен қолға алынған «2-10-20»,«5-10-20» мемлекеттік бағдарламалары аясында тұрғын үй кезегіндегі  115 отбасы несиелік пәтерге қоныстанды. Жаңа пәтер иелерінің арасында көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар, 1,2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы санатындағы азаматтар бар. Аталған тұрғын үйлер Тұран шағын ауданында орналасқан.

Айта кету керек,  Шымкентте жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген жалпы саны 617 азамат ипотекалық негізде Отбасы банк арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында  баспанаға қол жеткізген. Оның ішінде:  2-10-20 бағдарламасымен 199 пәтер, 5-10-20 бағдарламасы бойынша 307 пәтер, 5-20-25 бағдарламасымен 111 пәтер Отбасы банк арқылы несиелік негізде мемлекеттік бағдарлама аясында рәсімделген.

Сәйкес жаңалықтар

Д.Сатыбалды Арыс қаласы әскери бөлімнің жұмысымен танысты

admin

Арыс: әкім жеткіншекті судан құтқарған батырларды марапаттады

admin

Кім көп салық төлейді, кім аз? – Аймағамбетов депутаттардың ұсынысын жариялады

admin