Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш: кезектен тыс IX сессия отырысы өтті

Бүгін Арман Абдуллаев Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс IX сессиясына қатысты. Кезектен тыс сессия отырысына: аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралып, бекітілді. Көрсетілген мәселелер бойынша, ауданның экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Б.Керімбаев және ауылдық округ әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар, келесі мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б. Ибрагимова өз ұсынысын атап өтті. Баяндамалар және ұсыныстар бойынша депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, әрбір мәселе қызу талқыланды.

Сессия соңында күн тәртібіндегі талқыланған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тарапынан ұсыныстар берілді.Сондай-ақ, аудан басшысы Арман Абдуллаев жиын қорытындысында белсенді ат салысып, қолдау көрсеткен халық қалаулыларына алғыс білдірді.

Сәйкес жаңалықтар

Жамбыл облысында 2024 жылы 23 медициналық нысан салу жоспарлануда

admin

ШЫМКЕНТ: «3-Энергоорталық» АҚ-да қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде

admin

Ақмоладағы ауылдардың бірінде 1116 бас жылқы қырылып қалған

admin