Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш: азаматтық қорғау саласындағы оқу- жаттығуларды өткізу жөнінде жиналыс өтті

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев ауданда аумақтық деңгейдегі кешенді оқу- жаттығуларды өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық- нұсқаулық бойынша жиынға қатысты. Аталған жиынға: азаматтық қорғау қызметтері, құрылымдары және эвакуациялық комиссия мүшелері мен ауылдық округ,кент, қала әкімдері қатысты.

Жиынның мақсаты басқару органдарының басшылық құрамының, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдардың, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша ісінде жоғары үйлесімділікке қол жеткізу, олардың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру және азаматтық қорғанысты жүргізу болып табылады. Осы орайда,ауданда 31 қазанмен 1,2 қараша аралығында азаматтық қорғау саласындағы оқу- жаттығуларды өткізу жоспарлануда.

Сәйкес жаңалықтар

Бәйдібек: аудандағы №19 колледждің 65 жылдығы аталып өтілді

admin

Дархан Сатыбалды инвестиция тарту бойынша жоспарды орындамаған басшыларға тәртіптік шара көруді тапсырды

admin

Объявление о проведении Республиканского конкурса «Лучший сельский аким»

admin