Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш: Береке елді мекені табиғи газбен қамтылды

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы жұмыс сапарымен Құркелес ауылдық округі,Б ереке елді мекеніндегі табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға барып, жай-күйін бақылады.

Бақылау барысында Береке елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, мердігер мекеме тарапынан жүргізіліп жатқан табиғи газға қосу жұмыстары бойынша талап-тілектерін жеткізді.

— Біздің басты міндет — халыққа қызмет етіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, осы орайда, елді мекендерді сапалы табиғи газбен қамту басты мақсат. Басталған тірлік міндетті түрде сапалы аяқталуы үшін жұмыс жасаймыз,-деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.

Қазіргі таңда, бір тұрғын үй табиғи газға қосылып, келесі кезекте елді мекенннің басқа да тұрғындардың үйлерін рет- ретімен табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетсек, 8 көшенің ауамен қысымдау жұмыстары жүргізіліп, 1 көшені газ құбырларын тартуға және газ тарату жәшіктерін орнатуға үшін материалдарға тапсырыс берілген.Алдағы уақытта, орта қысымды газ құбырын орнатып 9 көшені жалғау жұмыстары жүргізу жоспарлануда.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев мердігер мекеме басшысына жұмыс жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыс барысының жай-күйін қайта келіп бақылайтынын ескертіп, жауапты бөлім басшысына жұмыс барысын баяндауды жүктеді. Сондай-ақ, аудан әкімі жіті бақылауында болатыны атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкенттегі кітапханалар жүйесінде оқырмандарды тартудың жаңа әдісі қолға алынды

admin

Түркістан облысы аудандарының бірінде полицейлер «Нашақорлыққа жол жоқ!» шарасын өткізді

admin

Әлімханұлының допинг ісі: Федерация не болғанын түсіндірді

admin