Ордабасы: Бадамның өнеркәсіптік әлеуеті жоғары

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Бадам ауылдық округінде халықпен есепті кездесу өткізді.

Халыққа есеп беру жиынында аудан басшысы өткен кездесулерде көтерілген ұсыныстар мен өзекті мәселелердің орындалу барысына тоқталып өтті.

Тарқатып айтар болсақ, тұрғындар тарапынан жол жөндеу, көше жарығын орнату, ойын алаңшасын салу сынды 10 ұсыныс-пікір келіп түскен.

Мәселен, оңды шешімін тапқан мәселелердің бірі Дербес елді мекені С.Мұқанов ЖОМ баратын ұзындығы   650 м Ташев көшесіне жарықтандыру құралдары орнатылса, Ордабасы елді мекеніндегі 2 шақырымды құрайтын Орталық көшеге жарықтандыру құралдары орнатылған.

Бадамдықтармен кездесуде аудан басшысы ауылдағы бірқатар өзекті мәселелерді тізбелеп, оңды шешу бойынша тиісті құрылымдық бөлімдерге тапсырма берді.

Қазіргі таңда округ аумағындағы Орда мөлтек ауданының 15 шақырымдық ішкі көшелеріне тас төсеуді қажет етеді.  Өткен жылы ауруханаға барар 1,5 шақырымдық жол асфальтталды, 2024 жылы топырақ жолдарға тас төсеу бойынша ЖСҚ әзірленуде.

Сонымен қатар, ауыл, елді мекендердегі қоқыс полигонын заңдастыру бойынша да жүйелі жұмыстар қолға алынып, Ордабасы ауылынан полигон салуға 5 гектар жер телімі бекітілген.

Аудан басшысы есепті жиында ауылдарды таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында Ордабасы ауылына басталған ауыз су жүйелерін бітіріп пайдалануға беру бойынша да айтып өтті. Әрі осы ауылда балалар ойын алаңшасын салу бойынша сметалық құжаттама жасалып, келесі жылдың бюджетіне қаржы қарастыруға ұсынылатынын жеткізді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға аланған «Ауыл аманаты» бағдарламасының өңірлерде орындалуы басты назарда.

Ауданамыздан аталған жобаға Бадам ауылдық округі қатысқан болатын. Қазір таңда  ауылда 5 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі ашылып, 216 азамат мүше болып тіркелген.

Бүгінде Ырыс МҚҰ 147 ауыл азаматы құжат өткізген, құны 837,4 млн. теңге, оның ішінде 105 жоба мақұлданған, жобалар құны 688,0 млн. теңгені құрап отыр. 88 жобаға 557,5 млн. теңге қаржы бөлінген. 

Есепті кездесу барысында ауыл тұрғындары таза су, ортақ жайылым, инфрақұрылым мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін айтып, аудан әкімінен нақты жауап  алды.

Кездесуден соң Азат Әбдіғалиұлы Бадам ауылдық округіндегі бірқатар өндіріс орындарына барып өндіріс барысын аралап көрді.

ПІКІР ЖАЗУ