Сарыағаш: «АУЫЛ АМАНАТЫ» бағдарламасы бойынша шаруашылығын дамытып отыр
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне арнайы барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алған Д.Темировтың жұмысымен танысты.
Қазіргі таңда, Д.Темиров сүт бағыттағы мал басын көбейту бойынша “Ауыл аманаты” бағдарламасының қаржысынс 8 сауын сиыр алған. Алдағы уақытта, сүтті бағыттағы асыл тұқымды мал басын көбейтуді жоспарлауда.
Сонымен қатар,шаруа сүттен құрт, сарымай өндіріп, жергілікті нарықта саудалауда. Д.Темиров тәулігіне 60-80 литр сүт алуда.
Жобаның негізгі мақсаты – ауылдың экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану болып табылады.
Мал шаруашылығымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев:
– Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасының да басты мақсаты ауыл тұрғындарына кәсіп бастауына қаржы бөліп, тұрғындардың әлеуетін жақсарту. Бүгінгі таңда аталған бағдарламаның аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда, мал, құс, өсімдік, балық шаруашылықтары, сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар,- деп аудан басшысы шаруаның алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тіледі.