Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш: тұрғындар көтерген мәселелердің ешқайсысы ескерусіз қалмайды

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы  ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Ашық форматта өткен есептік кездесуде аудан басшысы  алдыңғы кездесулерде көтерілген мәселелердің атқарылуы бойынша  халық алдында баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Аудан басшысы одан кейін тұрғындардың жекелеген сұрақтарына жауап беріп, мәселелердің шешілу жолдары мен жүйелерін жақсылап түсіндірді.

— Құрметті ауыл тұрғындары, өздеріңіз көріп отырғандай, аудан әлеуметтік-экономикалық даму үстінде. Аудандағы өзекті мәселелерді шешуге және ауданның дамуына сіздермен бірге жүйелі шаралар қабылдайтын боламыз. Өткен есепті кездесуде көтерілген мәселелердің барлығы ауданның даму жол картасына енгізілген. Алдағы уақытта бюджеттің мүмкіншілігіне қарай, кезең-кезеңімен тиісті жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады,-деп түйіндеді сөзін аудан басшысы.

Кездесуде тұрғындар тарапынан табиғи газ, жарықтандыру, интернет желісі, бейнебақылау орнату  бойынша сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды. Әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған аудан басшысы әрбір ұсыныс пен өтініш хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта тиісті жұмыс жүретінін атап өтті.

Сонымен қатар, аудан әкімі ауыл  тұрғындарын мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді. Тұрғындар  тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада жолақысы қымбаттайды

admin

«Ешкім көмексіз қалмайды»: ДСМ желідегі дауға жауап берді

admin

New York Fashion Week continues with its penultimate day featuring looks from Marc Jacobs and more

admin_bainews