Сарыағаш ауданы сотында жаңа судья тағайындалды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында жаңа судья тағайындалды
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 04 қыркүйек 2024 жылғы № 638 санды Жарлығына сай, Миралиев Олжас Куандықұлы Сарыағаш ауданы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы қызметіне тағайындалды.
Миралиев Олжас Куандықұлы, 06 маусым 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген.
2010 жылы Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, 2013 жылы ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясысын бітірген.
Еңбек жолын Қызылорда қалалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысынан бастап, одан Қызылорда облыстық сотының жетекші маманы, Қызылорда сотының аумақтық сот орындаушысы, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық сотының судьясы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың мамыр айынан Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда сотының төрағасы қызметін атқарып келген.