Сарыағаш: ауданға су ресурстары және ирригация министрі арнайы жұмыс сапарымен келді

Бүгін ауданымызға ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов арнайы жұмыс сапарымен келді. Нұржан Нұржігітов Қапланбек ауылдық округі, Қанағат елді мекеніндегі «Нұра топтык су құбыры» РМК «Оңтүстік ауыз су филиалы» теңгеріміндегі ауыз су тазалау, дайындау кешеніне барды.

Аралау барысында ауыз және ағын сумен қамту мәселелерін талқыланды. Соныен қатар, аудан басшысы Арман Абдуллаев тұрғындарды таза ауыз сумен қамту бойынша жаңа жобалармен таныстырып, су мәселесін шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жан -жақты баяндады.

Су қоймасының жай-күйімен танысқан ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов аталған мәселелер бойынша министрлік тарапынан облыс әкімдігімен бірлесе жүйелі жоспарлар әзірленіп, алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешімін табуды қарастыратын атап өтті.

ПІКІР ЖАЗУ