Сарыағаш: аудан басшысы Арман Абдуллаев атқарылып жатқан жұмыстарды саралады
Аудан әкімі Арман Абдуллаев және Сарыағаш қаласын дамыту жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстарына арнайы барып, жай-күйін бақылады.
Аудан басшысы қала аумағын аралау барысында алдымен Бәйтерек көшесінде орналасқан арканы қайта жаңарту жұмыстарымен танысты.
Айта кетсек, жаңарту жұмыстарын мердігер мекеме «Сәулет 2012» ЖШС тарапынан жүргізіліп,қазіргі таңда толығымен аяқталды.
Аудан басшысы қала аумағында бірнеше көшелерге су жиналуы және тұрғын үйлерге кіру қаупі мәселесін жол картасына енгізген болатын,осы орайда атқарылып жатқан жұмыстардың барысын арнайы барып,саралады.
Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан: Нұрқыран, А.Омаров, С. Дүйсебайұлы және Майлықожа көшелеріне астау салу жұмыстары толығымен аяқталып, М.Пердебеков және Майлықожа (Дана құрылыс заттарының маңы) көшелеріне құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі атқарылып жатқан жұмыстарды саралай келе, жұмыс барысын жүйеге келтіріп кестеге сәйкес жұмысты жандандыруды қала әкімі М.Доспуловқа және жауапты мердігер мекеме өкілдеріне тапсырды.